Күлімдейік... Жақсылық жасау
Бір күні мұғалім сыныптағы оқушыларына жақсы адам болу, адамдарға жақсылық жасау туралы айтып, тәрбие сағатын өткізеді. Ертеңіне бір оқушысы қолын көтеріп:
- Апай, мен кеше көзі көрмейтін кісіні жолдан өткізіп жібердім,- дейді. Мұғалім:
- Бәрекелді, жарайсың Мақсат!- деп мақтайды. Оның артынша тағы бір оқушысы қолын көтереді де:
- Апай мен кеше Мақсатқа әлгі соқыр кісіні жолдан өткізуге көмектестім, -дейді. Апай:
- Неге, Мақсат өзі өткізе алмас па еді?
- Жоқ, ол кісі жолдан өткісі келмеді, біз оны мәжбүрлеп өткіздік,- деген екен.
Күн Суқұйғыш шоқжұлдызында
Бүгін 20-қаңтар. Күн Суқұйғыш шоқжұлдызына кіріп, қыстың екінші айы басталды. Күн бұл бұрышта 30 күн болады және ақпанның 19-күні Балық шоқжұлдызына кіреді.
Соңғы жылдардағы ғылыми және технологиялық жетістіктерге қарамастан, қазір де адамдардың көпшілігі шоқжұлдыздарға қарап бал ашу сияқты қате сенімдерге сенеді. Өкінішке орай, газеттердің ең көп оқылатын айдарлары шоқжұлдыз және бал ашу айдарлары екені рас. Бұл қате сенімдер тек батыста ғана емес, бізде де кең таралған. Технологиясы шарықтаған АҚШ-та да кәсіпке айналған.
Тағдырға сенетін, ғайып пен болашақты тек Аллаһу та’аланың білетініне сенетін мұсылман адам мұндай қате сенімдерден аулақ болады.
Ескерту: Шоқжұлдыздардың бар екендігі - ғылыми шындық. Алайда Шоқжұлдыздарға қарап, бал ашу және оған сену - қате түсінік.