Сұхбат... Өтірік айту барлық діндерде харам еді
Дұрыс сөйлеу, шындықты айту – дініміздің бұйрығы. Өтірік айту – өте жаман қылық және бұл барлық діндерде харам еді. Бүкіл пайғамбарлар өтірік айту мәселесінде көп тоқталған.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) үмбетіне айтқан бір насихатында былай деді:
«Ей, үмбет және сахабаларым! Дұрыстыққа жабысыңдар! Сендерге дұрыстық керек. Күмәнсіз, дұрыстық адамды жақсылыққа жетелейді. Ал жақсылық жәннатқа кіргізеді. Адам дұрысшыл болып қалу жолын іздеген сайын Аллаһ дәргейінде сенімді, дұрысшыл адам болып жазылады. Өтірік айтудан сақтаныңдар! Күмәнсіз өтірік сөз адамды күнәға жетелейді. Ал күнә тозаққа түсіреді. Адам өтірікші болған сайын және өтірік айту жолдарын іздестірген сайын Аллаһ назарында өтірікші адам болып жазылады».
Хазреті Лұқман Хаким баласына насихат ретінде былай деді:
«Балам, өтіріктен сақ бол, өйткені ол құс етіндей тәтті. Одан аздаған адамдар құтыла алады».
Абдуллаһ ибн Мәсуд хазреттері айтқан:
«Сөздің ең дұрысы – Кәламуллаһ, Құран кәрім. Ең құндысы – зикруллаһ. Соқырлықтың ең зияндысы – жүрек соқырлығы. Аз, бірақ жеткілікті болған нәрсе көп, бірақ ғапіл ететіндерінен қайырлырақ. Өкінудің ең үлкені және ең зияндысы – қиямет күніндегі өкіну. Ең қайырлы байлық – көңіл байлығы. Азықтардың ең қайырлысы – тақуалық. Ішкілік – күнәлардың шақырушысы. Жастық шақ – қызба қандылықтың бір тарауы. Қателіктердің ең үлкені – тілдің өтірік айтуы».