Сұхбат... Тадили эркан
Намаздың уәжіптерінің бірі тадили эркан. (Бұған туманинет деп те айтылады.) Адамдардың көпшілігі тадили эрканға мән бермей оқиды. Тадили эркан – намаздың бес жерінде яғни руку, екі сәжде, қаумә және жәлсәда барлық мүшенің бір мезет әрекетсіз тұруы деген сөз. Ең аз мөлшері бір рет «Субханаллаһ» деп айтатындай уақыт қимылсыз тұру. Мәселен рукуға иіле салып дереу тұрып кетуге болмайды, рукудан тұрғанда да бір мезет қимылсыз тұру, белін тік ұстауы керек. Екі сәжде арасында «субханаллаһ» деп айтатындай уақыт қимылсыз отыру керек. Осыларға тадили эркан деп айтылады.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Ең үлкен ұры – өз намазынан ұрлаған кісі» деген кезде қасындағылар:
- Йа, Расулаллаһ! Адам өз намазынан қалай ұрлайды? – деп сұрады. Сонда Расулуллаһ «Намаздың руку мен сәжделерін толық орындамау арқылы» деп жауаптады.»
Имам Раббани хазреттері былай деген:
«Намазды толық оқуға тырысу керек, тадили әрканды орындап, рукуды, сәжделерді, қауманы (яғни рукудан көтеріліп тік тұруды) және жәлсәні (яғни екі сәжде арасында отыруды) жақсылап жасау қажет. Біреудің осы кемшіліктерін көргенде оған ескерту керек. Дін бауырларының намаздарын толық оқуына көмектескен жөн. Туманинет, яғни мүшелердің әрекет етпеуі және тадили әркан, яғни бір рет «субханаллаһ» дейтіндей уақыт әрекетсіз тоқтап тұрудың орындалуына жол ашу қажет. Мұсылмандардың көбі осыларды орындау абыройынан мақрұм қалуда. Бұл ниғметті қолдан жіберіп алды. Бұл амалды жариялау өте маңызды. Сүйікті пайғамбарымыз: «Ұмытылған бір сүннетімді жариялаған адамға жүз шәһид сауабы беріледі» деген.»
Кешегі жұмбақтың жауабы: 1 кг