Денсаулық... Көру қабілетін жақсарту үшін қалай тамақтану керек?
Көктемгі мезгілде көру қабілетін сақтау үшін мына азық түрлері рационыңыздан көптеп табылғаны абзал:
— құрамында лютеин және зеаксетин каротиноидтері бар қызыл, сары, қызғылт сары түсті тағам түрлері: сәбіз, асқабақ, қызыл жүзім, қаражидек, цитрус өнімдері, өрік (кептірілген өрікте тамырлардың жұмысына жақсы әсер ететін калий мол);
— жасыл түсті өнімдер: асжапырақ (шпинат), брокколи, брюссельдік қырыққабат, ақтық (спаржа), шалқан, бұршақ;
— алтынға бай болғандықтан түсі сары болып келетін жүгері;
— С дәруменінің мөлшері мол көкөніс пен жеміс-жидек: ақбас қырыққабат, цитрус жемістері. Олар тамыр трофикасын және тамыр қабырғасының зат алмасуын жақсартады, тамыр икемдірек, сынғақтық деңгейі төмен болып, көз алмасын жақсырақ қоректендіреді. Бұл өнімдердің көзге қан құйылуының алдын алатын қасиеті бар.
— балық, теңіз өнімдері: қызыл балық, майшабақ, скумбрия. Балықтың құрамында көз торы мен көз алмасының шырышты қабатын қорғайтын қасиеті бар Омега 3, шала қаныққан май қышқылдары мол.
— жаңғақ түрлері: бадам, пісте, орман жаңғағы, грек жаңғағы, жержаңғақ. Бұл Е дәруменінің — көз торын ультракүлгін сәуленің зиянды әсерінен қорғайтын антиоксиданттың қайнар көзі;
— қабақ терісі мен бет терісінің зат алмасуына жақсы әсер ететін және майбезінің және кірпіктің түкті фолликулдарының жұмысын реттеп отыратын B дәрумендері тобының мол мөлшері бар дәнді дақылдар (тазартылмаған дән);
— қызыл жүзім, қызыл жүзім сығындысы — антоциандардың — тамыр жұмысын үйлестіріп, көз торы дистрофиясының пайда болуы ықтималдығын азайтатын заттардың мөлшері көп;
— жүзім дәнегінен алынатын май, зәйтүн майы;
— қара шоколад — құрамында флавоноидтер — тамыр трофикасына жақсы әсері бар заттар;
— бауыр, жұмыртқа, қызыл ет.