Untitled Document

Әдеп-ахлақ... Ысырап

Ысырап мал-мүлікті жою, зая кетіру, пайдасыз халге түсіру, рәсуа ету, дінге және дүниеге пайдалы болмайтын түрде жұмсау деген сөз. Ысырап пен сараңдықтың ортасына үнемділік немесе жомарттық делінеді. Құран кәрімде: «Жеңдер, ішіңдер бірақ ысырап етпеңдер! Аллаһу та’ала ысырап еткендерді әлбетте жақсы көрмейді» делінген. (Араф 31) Хадис шәрифте де былай делінді: «Үнемдеген адам байиды, ысырап еткен адам кедейленеді.» (Бәззар)

Мүлікті қолданылмайтын халге түсіру, сындыру, жемістерді, егінді жинамай шіріту, дұрыс сақтамау, малдарды суықтан, ұрыдан қорғалатындай жерде ұстамау және жем-суын бермеу, қарамау бәрі де ысырап болады. Күнә істеу үшін және күнә істелуі үшін берілген мал-мүлік, ақшалар да ысырапқа жатады.

Дастархан үстіне түскен нан және нан ұсақтарын жинамай тастау да ысырап. Бұл ұсақтарды жинап ит-мысыққа, тауыққа, малға, құстарға беру ысырап болмайды. Тамақ пісірерде бұршақ, күріш, нохат секілді дақылдарды жуғанда төгу және төгілгендерді жинап алмай тастап жіберу де ысырап. Киім-кешек, аяқкиім секілді бұйымдарды дұрыс қолданбай, оларды ескірту, тез тоздыру, оларды жырту, жуған кезде кір жуғыш ұнтақты көп қолдану, электрді, газды босқа жағып қою да ысырап болып табылады.

Осы сияқты көптеген ысыраптардың кесірінен жер бетінде миллиондар, миллиардтар рәсуа болып кетуде. Дінін, отанын және өзін құрметтейтін адам ысырап етпейді және өзгелердің де ысырап етулерінің алдын алуға тырысады.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031