Бүгін... Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні
1972 жылы Швецияның Стокгольм қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған Ортаны Қорғау конференциясында қабылданған шешіммен, 5 маусым күні Дүниежүзілік Қоршаған Ортаны қорғау күні болып қабылданды. Бұл елеулі күн елімізде де аталып өтуде. Қоршаған ортаның қорғалуы, өркенделуі және жақсаруы тақырыптарында көрсетілген шаралардың басты мақсаты – адамдардың таза және қауіпсіз ортада өмір сүруін қамтамасыз ету. Қоршаған ортаға зиян тигізетін де, айналаны қорғайтын да, көріктендіретін де – адам болып табылады. Бүкіл дүниеде болғанындай, өлкемізде де, әсіресе үлкен қалаларда, қоршаған ортадағы ең үлкен проблема – қоқыс.
Пластикалық ыдыстағы азықтардың орнына шыны ыдыстағы азықтарды таңдаған жөн. Бір шыны ыдыс 4000 жылда, пластик 1000 жылда, сағыз 5 жылда, сыра жәшігі 10-100 жылда, темекі фильтрі 2 жылда жойылады. Ластанған табиғаттан алынатын өнімнің де сапасы төмен болатыны белгілі. Тұрмыстық және өндірістік қалдықтардан ластанған өзен-көлдерде өсетін балықтарды тұтыну, онда шомылу мұның бір ғана мысалы.
Келешек ұрпақтарға жақсы, салауатты орта қалдыра алу үшін табиғаттың, яғни судың, ауаның, жердің ластануының алдын алу маңызды мәселе. Мысалыға жасыл алаңдарды, жануарларды қорғап көбейтумен қатар, қоқыстарды қайта өңдеу, қоршаған ортаға зиян бермейтіндей етіп залалсыздандыру, тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды азайту жолын қарастыру қажет.
Ыдыс жуғыш машиналарда қолданылатын химиялық жылтыратқыштардың орнына табиғи заттардан болған сірке суын қолдануға болады. Қолданып болғасын тасталатын батарейкалардың орнына қайта зарядталатын батарейкалар қолдануға болады. Шыны, қағаз, картон, пластик және металл сияқты қалдықтар бөлек-бөлек жиналып, шикізат көзі ретінде әр түрлі секторларда қолданыла алады.