Untitled Document

Жалғасы... Дінімізде – Жанұя (2)

Олай болса баланы жақсы, үлгілі қылып жетілдіру әке-шешенің ортақ міндеті. Ана баласын тікелей өзі емізіп, өсіретіні, үнемі жақсы мінезді үйретіп жүретіні секілді бұлардың тұрғын үйін, азық-түлігін, материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету де ең алдымен әкенің міндеті болып табылады.

Әрбір ата-ана баласына ілім, көркем мінез (тәрбие) және діни міндеттерін үйретуі тиіс. Үйретпесе олардан жауапкер болады. Өйткені барлық бала жақсы көруді, құрмет етуді жанұяда үйренеді. Тәртіпке және жүйелі өмірге жанұяда дағдыланады.

Аллаһу та’алаға сенуді, пайғамбарға деген сүйіспеншілікті, отанға, ұлтына, салт-дәстүріне және құндылықтарға деген құрметті жанұяда үйренеді. Балалар алты жасқа дейін адамдық ерекшеліктерін жанұядан алады. Сондықтан жанұяның ұқыпты, сапалы болуы өте маңызды. 

Жанұялық өмірдің жүйелі, дұрыс болуы балалардың көркем мінезбен адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп өсулеріне ықпал етеді. Тәрбиелеу мақсатымен әке-шеше баласына қаталдық танытуы мүмкін. Бірақ бұл қаталдық кінәсыз баланың жүрегіне терең жаралар ашатын таяқ түрінде болмауы тиіс. Шамадан тыс қаталдық таныту көпшілік балада өтірікшілік, қулықты және әрекеттерінде тұрақсыздықты қалыптастырады.

Әке-шеше ұл-қыздарын үнемі қадағалап отыруы керек, әсіресе олардың жаман достардан ұзақ жүрулеріне мән беруі керек. Жаман дос баланың ең үлкен дұшпаны. 

Балалардың үлкені де кішісі де ата-анасына мойынсұнумен, құрмет көрсетуде кемшілік етпеуі тиіс. Өмірдің түрлі қиындықтарымен зардаптарына төзіп балаларын өсірген ата-ана әрине құрметпен, мойынсұнушылыққа лайықты. Құран кәрімде «Аллаһу та’алаға мойынсұныңдар» дегеннен кейін «Әке-шешелеріңе мойынсұныңдар» (Бақара 83) деп бұйырылған. Оларға “Уф!” деуге де тиым салынған. (Исра сүресі 23)




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031