Untitled Document

Денсаулық... Хельба (1)

Мұсылман дәрігерлері: «Егер адамдар хельбаның қаншалықты пайдалы екенін білгенде, оны алтынның бағасымен сатып алар еді» - деген. Ағылшын ғалымы Клебер: «Егер барлық дәрілерді таразының бір жағына қойып, екінші жағына хельбаны қойса, онда таразының екі жағы теңелер еді» - деп айтқан. Бұл көптеген ауруларға қарсы әмбепап құрал. Қазақ тілінде бұл өсімдікті «бойдана» деп атайды.  

Араб дәрігерлері хельбаны жаралар мен абцесстерді емдеу үшін жақпа майларда қолданған, себебі хельбаның дәнінде өсімдік шырышы мен желімді заттар көп. Бұл шырышты жараға жағу қызарған және қабынған тіндерді жақсы тыныштандырады. Ішке қабылдағанда да ол дәл солай әсер етеді. Қытай дәрігерлері оны қуық, бүйрек, ішек және өкпе ауруларында, қызу көтерілгенде, іш қатқанда және т.б. дерттерде пайдаланған. Үнді мамандары бұл өсімдікпен асқазанның ойық жарасын емдейді, әйел денсаулығын нығайтады.  

Ғалымдар хельбаның құрамын талдап, оның ақуыз мен көмірсуларға бай екенін, сонымен қатар калий, фосфор, магний, темір, кальций, А, С, В1, В2, РР дәрумендері, фолий қышқылы бар және құрамы бойынша балық майына өте ұқсас екендігін анықтады. Хельба бұршақтылар тұқымдасына жатады. Дәндері орташа көлемді, қыша түсті, жолақты, тікбұрышты пішінді. Хельбаның өскіндеріне көктеу үшін 6-7 күн қажет. Бойдананың өскіндері қан, бүйрек және бауырды тазалап дезинфикацалайды. Ол тәбетті ашады, қан аздық пен физикалық шаршауда ұсынылады. Құрамы дәрумендерге өте бай. (Жалғасы ертең...)




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031