Untitled Document

Жалғасы... Хельба (2)

Бойдананың медициналық қолдану аясы өте кең, себебі ол күшті қабынуға қарсы қасиетке ие және тыныштандыратын әсері бар. Хильба сырқаттан әлсіреген және жазылып келе жатқан адамдар үшін, әсіресе жүйке, тыныс және репродуктивті жүйе ауруларында өте жақсы құрал.

Қақырық түсіретін, қызуды басатын, жалпы нығайтқыш, диабетке қарсы, іш жүргізетін, атесклерозға қарсы. Қыс кезінде тыныс алу жолдарының сырқаттары үдейді. Хельба суық тию мен өкпе ауруларындағы ең жақсы үй дәрмегі,  оны тұмау, бронхит, тамақ пен мұрын қуысының ауруларында, жөтелде пайдаланады.  

Дайындау тәсілі: 2 шәй қасық дәнді 1 стақан суда  5-10 минут баяу отта құрма, інжір немесе балмен қайнатуға кеңес беріледі. Күніне жарты стақаннан 3-4 рет қабылдау керек.  Құрғақ жөтел кезінде хильбаның сүт қайнатпасы жақсы көмектеседі.  

Тамақ ауырғанда тұнбасымен тамақты шаюға болады. 2 ас қасық хильба дәндерін  30 минуттай жарты литр суда бұқтыру керек. Сосын 15 минуттай суытып, сүзу қажет.  Күніне 3-4 рет тамақты тұнбамен шайқау қажет.

Хельба шайын дайындау үшін бірінші оны салқын, таза суға жуып аламыз. Содан кейін 2 ас қасық хельба дәнін жарты литр суға салып, 5-7 минут көлемінде қайнатамыз. Шайдың дәмін жақсарту үшін өзіңіздің қалауыңыз бойынша имбирь, лимон, бал қоссаңыз болады.

Хельбаны жарық түспейтін, қоңырсалқын, құрғақ жерде, шыныдан жасалған немесе керамикалық ыдыста сақтау керек. Тоңазытқышта сақтамау керек. Жүкті әйелдерге қолдануға болмайды.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031