Ғұлама... Имам Малик бин Әнәс
Имам Малик бин Әнәс бин Малик бин Әби Амир Әсбахи х. 90 жылы (м.708) Мәдинада дүниеге келді. Хижраның 179 жылы (м.795) сол жерде қайтыс болды. Әһли сүннеттің төрт мазһаб имамының бірі. «Жетпіс имам бата бермейінше фәтуа беруді бастамадым» деген екен. «Муатта» атты кітабын жазып бітірген кезде өзінің ықыласына күмән келтіріп, кітапты суға салады. “Егер су болса, бұл кітап маған керек емес” дейді. Кітаптың еш жері су болмаған еді».
Абдуррахман бин Әнәс былай дейді: «Хадис ілімінде қазір дүние жүзінде Маликтен асқан сенімді адам жоқ. Одан асқан ақылды адам көрмедім. Суфйан Сәури хадис ілімінде имам, бірақ сүннетте имам емес. Әузаи сүннетте имам, хадисте имам емес. Ал, Имам Малик болса – хадисте де, сүннетте де имам». Яхия бин Саид: «Имам Малик Аллаһу та’аланың құлдарына жер бетіндегі құжат» деген. Имам Шафии айтады: «Хадис оқылған жерде Малик көктегі жұлдыз сияқты. Ғылымды үйренуде, түсінуде және қорғауда ешкім Маликке жете алмады. Аллаһтың ғылымында маған ешкім Малик сияқты сенімді емес. Аллаһу та’аламен менің арамдағы құжат – имам Малик. Малик пен Суфйан бин Уйайна болмағанда, Хижазда ғылым қалмас еді». Абдуллаһ әкесі Ахмет бин Ханбәлден: “Захридің шәкірттерінің ішінде ең үздігі кім?” деп сұрағанда: «Малик барлық ғылымда үздік» деп жауап берді. Әузаи имам Маликтің есімін естігенде: «Ол ғалымдардың ғалымы. Мәдинаның ең үлкен ғұламасы және Харемейннің мүфтиі» дейтін.