Untitled Document

Отбасы... Бала тәрбиесі

Бала дүниеге келгенде оған жақсы есім қою керек. Балаға жақсы есім қою, баланың әкесіндегі ақысы, яғни әкенің борышы.

Баланың сүт ему уақыты біткеннен кейін, оның тәрбиесімен шұғылданып, жаман қылықтарға, жаман мінезге тап болуына жол бермеу керек. Адам жаратылысы жамандыққа бейім болып келеді, тез бұзылуы мүмкін. Сондықтан баланы қадағалаусыз, бос жібермеу керек, тәрбиелі, көркем мінезді болуына көп көңіл бөлу керек. Баланы ислам тәрбиесімен жетілдіру, нәпіл ғибадаттармен шұғылданудан да қайырлы.

Алғашқы тәрбие, баланы жаман балалармен дос болуға тыйым салу. Өйткені балалардың рухы таза айна секілді. Оларға исламның шарттарын, діннің әмірі мен тыйымдарын үйрету керек, және бұл үйрету ісін әр уақыт жалғастыру қажет. Үйренуді қаламаса талап ету керек. Ұрсып болса да үйрету керек. Сүйікті пайғамбарымыз, бала жеті жасқа толғанда оған намаз оқудың әмір етілуін, он жасқа толғанда намаз оқымаса мәжбүрлеп оқытуды әмір еткен.         

Жақсы жақтарын айтып мақтап, жаман жақтарын айтып айыптау керек, осылайша жақсылыққа ынталандыру керек. Жаман қылығын байқағанда жазғыру керек, қателесіп істеп қойған ғой, білмей, ұмытып істеп қойған ғой деп немқұрайлығын арттырып алмау керек. Жасырын түрде бір нәрсе істеген болса, дереу бетіне басып ұят пердесін жыртпау керек. Тағы қайталайтын болса, жалғыз қалған кезінде ақыл айтып, дұрыс жолды көрсету керек. Істеген ісінің өте жаман, дұрыс емес екенін айтып, сол істі тағы қайталамауы үшін қорқыту керек. Көп айыптай бермеу де керек, әйтпесе айыптау әдет болып қалады.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031