Сұхбат... Расулуллаһтың соңғы өсиеті
Пайғамбарымыз 23 ақпан 632 жылында соңғы қажылығында қоштасу хұтбасында 120 мың сахабаға былай деді:
– Ей, адамдар! Өсиетімді жақсылап тыңдаңдар! Осы жердегілер, бұл жерде болмағандарға жеткізсін! Өйткені, бұл - менің сендерге айтатын соңғы насихатым.
– Ей, адамдар! Дініміз көрсеткен харамдар мен халалдарға мән беріңдер!
– Ей, адамдар! Бірліктен, дұрыстықтан, бағыттарыңнан айрылмаңдар!
– Ей, адамдар! Әйелдерге әділетсіздік жасауларыңнан Аллаһқа сыйынамын. Оларға зұлымдық, әділетсіздік жасамаңдар!
– Ей, адамдар! Әһли бәйтімді (ұрпағымды) жақсы көріңдер!
– Ей, адамдар! Өздеріңді де, бала-шағаларыңды да тозақ отынан қорғаңдар! Оларға Аллаһтың және Расулының жолын үйретіңдер!
– Ей, адамдар! Үлкендеріңе, басшыларыңа бағыныңдар! Басшыларына бағынған – маған бағынған болады, маған бағынған – Аллаһқа бағынған болады.
– Ей, адамдар! Бес уақыт намазды үзбей оқыңдар! Дәреттеріңді жақсылап алыңдар! Намаздарыңның руку мен сәжделерін толық орындаңдар! Шын көңілмен оқыңдар!
– Ей, адамдар! Күмәнсіз Аллаһ жағдайы жақсы болған мұсылмандарға қажылықты парыз қылған.
– Ей, адамдар! Мал-мүліктеріңнің зекетін беріңдер!
– Ей, адамдар! Тілдеріңді сақтаңдар! Көздеріңнен Аллаһ үшін жас төгіңдер! Көңілдеріңді Аллаһтың дәргейіне лайық болатындай жағдайға келтіріңдер! Денелеріңді біраз қиыншылыққа салыңдар!
– Ей, адамдар! Құран кәрімді жаттап, үкімімен амал ететіндерді жақсы көріңдер!
– Ей, адамдар! Дұшпандарыңмен соғысыңдар! Мешіттеріңді, ғибадатханаларыңды көріктендіріңдер! Имандарыңды жаңалаңдар!
– Ей, адамдар! Мұсылман бауырларыңа насихат айтыңдар, оларға тура, хақ жолды көрсетіңдер!..