Untitled Document

Жалғасы... Ибн Баттута (2)

Әр саудагер қыпшақ жылқыларын жүзден, екі жүзден, жинап, үлкен бір қос жасайды да, Үндістанға айдайды. Әр қоста алты мың бастан артығырақ жылқы болады. Әрбір елу бас жылқыға бір бақташы жалдайды. Олар жылқыны бағып алып барады. Мұндай жалданған кісілерді «илқиши» деп атайды. Жылқышылардың қолдарында ұзын сойыл таяқ болады. Сойылға байланған ұзын арқан болады. Керек жылқыны мойнына құрық салып ұстап мінеді.

Үндістанға барғанда ең алдымен «Синед» деген жерге тоқтап, жылқыларды жемдей бастайды. Себебі бұл жерде Дешті Қыпшақ даласындағыдай қуатты от-шөп жоқ болғандықтан, жылқылардың көбі өле бастайды және ұрланады. Ол аз болғандай Синед үкіметі «Шинқар» деген жерде жылқы басына жеті динардан күміс ақша салық алады екен. Оған қоса Синед үкіметінің марказы Милтан қаласына келгенде, тағы да бажын салады екен. Осылайша Синед үкіметі келген малдың бір уақытта төрттен бірін алып тұрған. Сол себепті Сұлтан Мұхаммед Өзбек хан Үндістан падишасымен сөйлесіп, мұсылман саудагерлерінен «зекет», кәпір саудагерлерінен «ғұшыр» алып тұруға келісіпті. Соның өзінде Үндістанға жылқы айдап барушы саудагерлер көп пайда тапқан. Дешті-Қыпшақтан өте төмен (арзан) бағада алынған жылқы Үндістанға барғанда, кемінде жүз динарға бағаланады. Бұл дегеніңіз, біздің мағриптық жиырма бес динарына тура келеді.

Үндістан халқы Дешті-Қыпшақ жылқыларын жүрісі жайлы, адымды, мықты, жалпақ төсті болғандықтан көп алады. Бұл аттар көбінесе әскери мақсатқа пайдаланылған. Соғыс кезінде бұл аттарға түгелдей сауыт кигізетін болған. Бейбіт кезде сән-салтанат үшін мінетін жорға, жүйрік аттарды үндістандықтар Иемен, Ғаман және Парсы елдерінен алып отырған. Мұндай аттардың бағасы біздің төрт мың динарымызға дейін бағаланған.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031