Сұхбат... Көрші ақысы
Дініміздегі ең маңызды тақырыптардың бірі – көрші ақылары. Аллаһу та’ала Құран кәрімде: «Жақын көршіге, ұзақ көршіге, жаныңдағы досқа, жолда қалғанға және қол астыңдағыларға жақсылық жасаңдар!» деп бұйырған. Бір күні хазреті Айша анамыз пайғамбарымыздан:
– Ей Аллаһтың расулы! Екі көршім бар. Қайсына бұрын жәрдем берейін?- деп сұрады. Сүйікті пайғамбарымыз былай деп жауап берді:
– «Есігі жақынырақ болғанынан баста!»
Ата-бабаларымыз да: «Үй таңдама, көрші таңда!» деп, көршілердің жақсы болуына қарауға кеңес берген.
Көршінің көрші алдында 10 ақысы бар:
- Шақырғанда қонаққа бару.
- Жәрдем сұрағанында көмек беру.
- Науқастанғанында көңілін сұрап үйіне бару.
- Қарыз сұрағанында қарызға (ақша) беру.
- Қуанышты күндерінде қуанышына ортақ болу.
- Одан келетін бүкіл қиыншылықтарға төзу.
- Онымен ұрыспау, жанжалдаспау және жақсы қарым-қатынаста болу.
- Басына бәле келген кезде оны жұбату және қайғысымен бөлісу.
- Қайтыс болғанында жаназасына бару және жерлеу жұмыстарымен айналысу.
- Сапар шегіп, жолға шыққанында үйін және үй ішіндегілеріне қамқор болу.
Кешегі жауап: 3 гүл.