Untitled Document

Сұхбат... Қиыншылықтардың себебі

Көпшілігіміздің жеткілікті табысымыз бола тұра қиыншылық тартудамыз. Өйткені береке жоқ. Аллаһу та’аланың әмірі мен тыйымдарына мән бермеу берекесіздікке, қайғы-қасіретке себеп болады. Осындай қасіреттердің бесеуі мыналар:

1) Ризық тарылады: Көріп жүргеніміздей көпшілік тұрмыс тапшылығын тартуда. Бұрыңғы заманда бір үйде бір адам жұмыс істейтін және жақсы күнелтетін. Қазір бір үйден 2-3 адам жұмыс істейді, бірақ әйтсе де қиыншылық толастар емес.

2) Аурулар көбейеді: Бүгіндері шамамен барлық үйде дерлік ауру бар. Созылмалы, өткінші аурулар. Әр үйде дәрі-дәрмектер қоймасы. Біреудің іші, біреудің жүрегі ауырады. Бүкіл ауруханалар лық толы.

3) Қауіпсіздік болмайды: Дәуірімізде болып жатқанындай лаңкестік, тәртіпсіздіктер, ұрлық, алаяқтық қаптайды. Ешкімнің ешкімге сенімі қалмайды. Бауырлар бір-біріне күмәнданатын халге келеді. Адамдарда бір-біріне деген сенім қалмайды. Барлығы мал-мүлкінің, жеке басының қамымен әлек болады.

4) Мейірімділік кетеді: Бастық жұмысшыға, жұмысшы бастыққа мейірімді болмайды. Жұмысшы қиналып, әрең күн көріп жүрген кезде, басшысы ақшаны судай жұмсайды. Тоқ адам аш адамның жағдайын ойламайды. Жағдай осылай болған соң жұмыс орнында, үйінде тыныштық болмайды. Әйелі күйеуін, балалары ата-анасын тыңдамайды. Көршілер
бір-бірлерін ұнатпайды. Мейірім болмаған соң адамдар бір-бірлеріне жамандық жасаудан тартынбайды.

5) Әркім өз жағдайын ойлайды: «Мен рахат өмір сүрсем болды, басқалардың барлығы қиналып өмір сүрсе де маған бәрібір» деген ой үстемдік етеді.

Алайда дініміздің бұйырғаны бойынша мұсылмандар бір дененің мүшелеріндей болу керек. Бір мүшесі ауырса, басқалары да зиян көреді.