Untitled Document

Cұхбат... Ислам және әйел

Ислам діні әйелді ең жоғары дәрежелерге көтерген. Исламның әйелге берген қадірін ешбір дін, ешбір идеология бере алған емес. Социалист елдер әйел-еркек тепетеңдігін айтып, әйелдерге ең ауыр жұмыстарды жасатқызған. Ал мұсылман әйелге еркек туыстарынан пітір бере алатындай бай болғандардан ең жақын болғаны қарауға мәжбүр. Жақын туысы жоқ болса немесе кедей болса, “Бәйтул мал”, яғни мемлекет қазынасы әр түрлі қажеттіліктерін қамтамасыз етуге міндетті. Сондықтан мұсылман қыз, мұсылман әйел күнкөріс қиыншылығынан босатылған. Ол еңбек етіп, қиналып, ақша табуға міндетті емес. Барлық нәрсе оның аяғына келуі тиіс. Ислам діні оны осыншама қадірлеген. Бірақ әйелдің Исламды, дінін, иманын, фарздарды, ғибадаттарды, харамдарды үйренуі фарз. Әкесінің немесе күйеуінің оған бұл ілімдерді үйретуі керек. Үйретпесе, үлкен күнәға батады.

Мұсылман әйел сауда-саттық, ғылым, өнеркәсіп, егіншілікпен шұғылдануға мәжбүр болмаса да, бұлармен шұғылдануына, ақша табуына тыйым салынған емес, харам да емес. Бірақ бұлармен шұғылданғанда және ілім үйренгенде еркектер арасына араласпауы, оларға ашық күйде көрінбеуі, харамнан ұзақ болуы керек. Әйелдің жасаған күнәларының жазасын оған сол күнәні жасауға рұқсат берген еркек де тартады. Ал еркектің жасаған күнәсінің әйелге зияны жоқ. Исламда әйел соғысқа бармайды. Дүниеде алаңсыз бақыт ішінде болғаны секілді оның жәннатқа кіруі де өте оңай.

Хадис шәрифте: «Бір әйел бес уақыт намазын оқып, Рамазан айында оразасын тұтып, намысын қорғап, күйеуіне мойынсұнатын болса, қалаған есігінен жәннатқа кіреді» делінді.

Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уасәлләм” хижраның оныншы жылында соңғы қажылығының хұтбасындағы соңғы насихаттарының бірінде бүкіл мұсылмандарға қарата «Әйелдеріңе зорлық көрсетпеңдер! Олар Аллаһу та’аланың сендерге аманаты. Олармен жұмсақ мәміледе болыңдар!» деген. Исламда үйлену, бір қызды бақытты ету ғибадат болып саналады және бұның сауабы бүкіл нәпіл ғибадаттардан да көп.